Боксшы Жұмағали Нұрмахан Азия ойындарында жеңіске жетті

/
Боксшы Жұмағали Нұрмахан Азия ойындарында жеңіске жетті
olympic.kz

Бокстан Қазақстан жасөспірімдер құрамасының өкілі Жұмағали Нұрмахан Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан Азия ойындарында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстандық былғары қолғап шебері 50 келіге дейінгі салмақта топ жарды.

Жұмағали финалда үндістандық Сингх Мойбунгхонгбамды айқын басымдықпен жеңді.

Осылайша ол ұлттық құрама қоржынына алғашқы алтын медальді салды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары