Қазақстандық бес дзюдошы Азия ойындарының финалына шықты

/
Қазақстандық бес дзюдошы Азия ойындарының финалына шықты
olympic.kz

Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында дзюдодан Қазақстан құрамасының бес өкілі алтын медаль үшін күреседі, деп хабарлайды turkystan.kz.

Финалға шыққан спортшылар тізімі:

50 келіге дейін: Әділжан Нұрбекен

55 келіге дейін: Аслан Ерғалиев

48 келіге дейін: Алуа Балтабай

66 келіге дейін: Бекәлі Еркен

52 келіге дейін: Фатима Сұпығалиева

Ал Інжу Сахабадин (44 келіге дейін) мен Әдия Жанахмет (40 келіге дейін) қола жүлде үшін белдеседі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары