Арқалықта полицейлер тергеліп жатыр

/
Арқалықта полицейлер тергеліп жатыр
istockphoto.com

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Арқалық полицейлері қатысы бар қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл ақпаратты Қостанай облысының прокуратурасы растады.

Қадағалау органы мәліметінше, тергеу шараларын өңірлік ҰҚК департаменті жүргізуде.

«Арқалық полиция басқармасы қызметкерлеріне қатысты тіркелген қылмыстық іс аясында бірқатар тергеу әрекеттері жүргізілді. Тергеудің мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жарияланбайды», – делінген хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары