Talker Research зерттеуіне қатысқан 2 мың америкалық қызметкердің мәліметі бойынша, жалақы түскеннен кейінгі екі тәулікте табыстың жартысына жуығы – 48%-ы жұмсалып кетеді. Ал егде буын өкілдері тіпті тезірек жұмсайды: айлықтың 40%-ы алғашқы 12 сағатта-ақ жұмсалып кетеді, деп хабарлайды turkystan.kz studyfinds.org-қа сілтеме жасап.
Бұл «импульсивті саудаға» немесе артық шығынға байланысты емес. Респонденттердің жартысынан көбі жалақы түскен бойда азық-түлік пен күнделікті қажеттіліктерге төлейтінін айтқан. Тағы 48% бір апта ішінде төленетін шоттар мен несиелерді жабады, ал 42% қомақты шығындарды, яғни жалдау ақысы, ипотека немесе несие картасы қарыздарын өтейді.
Жалақының көбісі алғашқы екі тәулікте негізгі қажеттіліктерге кететіндіктен, қалған ақша айдың соңына дейін әрең жетеді. Сондықтан қатысушылардың тек 28%-ы ғана табысының бір бөлігін бірден жинаққа аударатынын мойындаған: көбіне қаражат қалмайды.
Зерттеу авторларының айтуынша, бұл мәліметтер халықтың қаржылық қысымда өмір сүріп жатқанын және үнемдеу мәдениетінің әлсіз екенін көрсетеді.