Қалаған затыңды сатып ала аласың: Енді ChatGPT арқылы төлем жасауға болады

Қалаған затыңды сатып ала аласың: Енді ChatGPT арқылы төлем жасауға болады

Келесі жылдан бастап ChatGPT арқылы төлем жасауға болады, деп хабарлайды turkystan.kz CNBС-ке сілтеме жасап.

Америкалық PayPal төлем жүргізу жүйесі OpenAI-мен келісімшарт жасасты. PayPal қолданушылары келесі жылдан бастап ChatGPT арқылы тапқан тауарларын сатып ала алады.

«Біздің PayPal жүйесін қолданатын миллиондаған тұтынушымыз бар. Ендігі кезекте олар ChatGPT-де « PayPal арқылы сатып алу» батырмасын басып, қауіпсіз әрі сенімді төлеу процесін жүргізе алады», – дейді PayPal-дың бас директоры Алекс Крисс.

Бір қызығы, сатушыларға OpenAI-ға бөлек тіркелудің қажеті жоқ. PayPal ChatGPT платформасында төлем жүргізу бағыты, транзакцияны тексеру және төлем жүргізудің өзге де аспектілерін өзі іске асыратын болады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары