Маңғыстауда автокөлік түйеге соғылды (ВИДЕО)

/
Маңғыстауда автокөлік түйеге соғылды (ВИДЕО)
istockphoto.com

26 қазан кешінде Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында автокөлік түйені қағып кетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Батыр ауылының маңындағы тасжолда Lada Largus автокөлігі жолға кенеттен шыққан түйемен соқтығысты. Абырой болғанда, жүргізуші зардап шеккен жоқ.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, түйенің иесі анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 408-бабы – «Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін бұзу» бойынша хаттама толтырылды.

Иесіне үш айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 11 796 теңге айыппұл салынуы мүмкін.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары