Дауылбай Шелпеков 1990 жылғы 24 қарашада Маңғыстау облысы Ақтау қаласында дүниеге келген. Ақтау қаласындағы «Қайнар» колледжін «Құқықтану» мамандығы бойынша үздік бітірген. Кейін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінде оқып, үздік дипломмен (құқық бакалавры, құқық магистрі) тәмамдаған.
2013 жылдан бастап прокуратура органдарында қызмет атқарған. Ақтау қаласы прокурорының көмекшісі болған. 2017 жылдан бастап Ақтау қаласы прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімінің басшысы қызметін атқарды. 2019 жылдың ақпан айынан бастап Ақтау қаласы прокурорының орынбасары болып жұмыс істеді. Тағайындалғанға дейін Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық прокуратурасының прокуроры қызметін атқарған.
Еске сала кетейік, Ақтау қаласының бұрынғы прокуроры Ерболат Әбдіров ұсақ бұзақылық үшін айыппұл салынған болатын. Ол уақытша қызметінен шеттетілді.
Бұған дейін желіде Әбдіровтің Алматы әуежайында ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді.