Ақтау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік іс қаралды , деп хабарлайды turkystan.kz.
Азамат К. 2025 жылдың 13 қазан күні мас күйінде Ақтау қаласындағы, 8-шағын ауданының, 22-үйінің бір пәтеріне терезе арқылы кіріп, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзып, ұсақ бұзақылық жасаған.
Сот отырысы барысында К. өз кінәсін толық мойындады.
Соттың қаулысымен К. ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.