Бірнеше өңірде жауын-шашын болады

/
Бірнеше өңірде жауын-шашын болады
istockphoto.com

«Қазгидромет» РМК 2025 жылдың 23–25 қазанына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райына антициклон сілемі әсер етіп, көпшілік өңірде ашық, жылы және жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

«Тек еліміздің батысы мен солтүстік-батысында циклонның ойысы әсерінен жауын-шашын (негізінен жаңбыр түрінде) күтіледі. Республика аумағында желдің күшеюі болжанады, ал түнгі және таңертеңгі уақытта батыс, солтүстік және шығыс өңірлерде тұман түседі», – делінген хабарламада.

Ауа температурасы бойынша айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары