Түркияда ажырасқан ер адам 2 мысыққа алимент төлейтін болды

/
Түркияда ажырасқан ер адам 2 мысыққа алимент төлейтін болды
сурет: istockphoto.com

Стамбулда екі жыл некеде болған жұп келісіммен ажырасты. Протоколға сәйкес, ер адам екі мысықтың жұбайында қалуына келісіп, оларды асырауға кететін шығындарға айына 10 мың түрік лирасын төлеп отыруды өз мойнына алды, деп хабарлайды turkystan.kz Yeni Safak басылымына сілтеме жасап.

Төлем үш ай сайын бір жолғы аударыммен жасалады, сома жыл сайын TÜİK жариялайтын TÜFE бойынша индекстеледі, төлем мерзімі ең көбі – 10 жыл. Протоколда сондай-ақ Буғра B.-нің Эзги B.-ге 550 мың лира мөлшерінде материалдық өтемақы төлейтіні көрсетілген. Құжат Стамбул отбасы сотына ұсынылып, бекітілді.

Адвокат Айлин Есра Ереннің түсіндіруінше, бұл төлем классикалық мәндегі алимент емес, тараптардың ерікті келісімімен жануардың күтім шығындарына қатысу міндеттемесі. Үй жануарлары бойынша сот тәжірибесінде басты мәселе – олардың қай үйде тұратыны мен күтімінің кімде болатынын анық белгілеу, ал чип пен тіркеу деректері иелену мен жауапкершілікті дәлелдеуге көмектеседі. Протоколды сот бекіткеннен кейін орындауға міндетті күшке ие болады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары