Танымал әнші Ақбота Керімбекова Алматы қаласынан көшіп кеткенін айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Өнер иесі елордаға қоныс аударған.
«Алматыдан Астанаға көштім. Кейде өмір бізді жаңа орындарға алып барып, жаңа сезім, жаңа тыныс сыйлайды. Дегенмен, Алматы – әрқашан жүректе. Енді біраз уақыт Астананың самал желін, салқын таңдарын сезінейін деп тұрмын», – деп жазды әнші.