Маңғыстауда автобус түйемен соқтығысты (ВИДЕО)

/
Маңғыстауда автобус түйемен соқтығысты (ВИДЕО)
Ашық дереккөзден

Маңғыстаудағы Шетпе елді мекенінде автобус пен түйе қатысқан жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Автобус жүргізушісі мен түйе иесіне қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды. Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 20 қазан күні сағат 19:40 шамасында Шетпе–Ақтау тас жолында тіркелген. Жолда келе жатқан Yutong маркалы автобус кенеттен жолға шығып кеткен түйемен соқтығысқан. Соққы салдарынан алдыңғы әйнекте үлкен майысқан орын пайда болды.

Автобустың ішінде 23 жолаушы болған, олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ.

Автобус жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК 610-бабы бойынша (Көлiк құралдарын жүргiзушiлердiң жол жүрiсi ережелерiн бұзуы, адамдардың денсаулығына зиян келтіруге, көлiк құралдарының немесе өзге мүлiктiң бүлiнуiне әкеп соққан әрекеттер) әкімшілік хаттама толтырылды.

Ал жануар иесіне – ҚР ӘҚБтК 408-бабы бойынша (Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу) хаттама жасалды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары