«Мен ол секілді аспапта шебер ойнай алмаймын»: Димаш Құдайберген інісінің шеберлігі жайында

/
«Мен ол секілді аспапта шебер ойнай алмаймын»: Димаш Құдайберген інісінің шеберлігі жайында
dimashnews.com

Қанат Айтбаев Димаш Құдайбергеннің концерттерінде қарындасы Раушан мен інісі Әбілмансұрдың қолдауы орасан екенін айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Жалпы, мен үйде балаларыма: «Сендерде 50 пайыз әкенің, 50 пайыз шешенің қаны бар. Ал сендер 100 пайыз туыссыңдар. Бір-біріңнен артық адам жоқ» деп үнемі айтып отырамын. Бірнеше тілді еркін білетін Раушан кон­церт кезінде суфлерлік басқаруды қолына алады. Бұл – әр тілді команда үшін өте маңызды дүние. Қай жерде кішкен­тай кілтипан болса, ол дереу жеткізеді. Ал Әбілмансұр ең алғаш сахнаға Димаштың Алматыдағы концертінде шыққан бала. Қазір өз туындыларын көрерменге ұсы­на бастады. Димаш кәсіпқой му­зы­кант ретінде оның өнерін өте жоғары бағалайды: «Мен оның жасында музы­каны дәл ол секілді терең түсініп, аспап­тар­да дәл ол секілді ойнай алмайтын­мын» дейді. Онысын Мехикодағы кон­цертте де айтты. Қазір Мансұр ағасы киім ауыстырғанда сахнаға шығып, көрерменнің ықыласына бөленіп жүр», – деді ол.

Тіпті Димаш концерттерінде інісі секілді аспаптарда шебер ойнай алмайтынын айтып жүреді екен.

«Димаш кәсіпқой музыкант ретінде оның өнерін өте жоғары бағалайды: «Мен оның жасында музы­каны дәл ол секілді терең түсініп, аспаптарда дәл ол секілді ойнай алмайтынмын» дейді. Онысын Мехикодағы концертте де айтты. Қазір Мансұр ағасы киім ауыстырғанда сахнаға шығып, көрерменнің ықыласына бөленіп жүр», – деді Қ. Айтбаев.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қанат Айтбаев «Túrkistan» халықаралық газетіне көлемді сұхбат берген болатын.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары