Қанат Айтбаев Димаш Құдайбергеннің Нью-Йорктегі әйгілі Madison Square Garden аренасында өткен концертіне 15 елдің елшісі келгенін мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Концерт біткеннен кейін 15 елдің АҚШ-тағы елшісі келіп, Димашпен амандасып, құттықтады. Бір-бірімен араз елдердің де өкілдері қатар тұрып, құттықтағанын көргенде риза боласың.
Димаш бала күнінде: «Мен үлкен сахналарда мыңдаған көрерменнің алдында ән айтамын» дейтін. Ол әлемнің ең танымал сахнасында ән айтып, тағы бір арманына қол жеткізді», – деді Қанат Айтбаев.
Айта кетейік, бұған дейін Қанат Айтбаев «Túrkistan» халықаралық газетіне көлемді сұхбат берген болатын.