Ауғанстан мен Пәкістан арасындағы атыс тоқтады

/
Ауғанстан мен Пәкістан арасындағы атыс тоқтады
Фото: Asif/x

Ауғанстан мен Пәкістан арасындағы екіжақты келіссөздерден кейін тараптар атысты тоқтату жөнінде уағдаласты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бір аптадан астам уақытқа созылған қақтығыс барысында ондаған адам қаза тауып, жүздеген адам жараланғаннан кейін екі ел дереу атысты тоқтату туралы келісімге келгенін ABC News Катар Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.

Бұл соңғы бірнеше жыл ішіндегі екі ел арасындағы ең ауыр қарулы қақтығыс болып отыр.

Катар тарапының мәлімдемесінде тараптар ұзақмерзімді бейбітшілік пен тұрақтылық орнатуға бағытталған тетік құруға және алдағы күндері бітімнің беріктігін қамтамасыз ету мақсатында қосымша келіссөздер өткізуге келіскені айтылған. Сондай-ақ Катар мен Түркия бұл келіссөздерде делдал болғаны көрсетілген.

Айдың басынан бері көрші елдер арасындағы жағдай ушығып, екі тарап та бір-бірін агрессия жасады деп айыптаған. Ауғанстан өз аумағында шекара маңында шабуыл жасап жүрген содырларды жасырғанын жоққа шығарды.

Ауғанстан мен Пәкістан шекарасындағы қарулы қақтығыстар 2025 жылдың 12 қазанына қараған түні басталған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары