Биыл қыс қандай болады?

/
Биыл қыс қандай болады?
istockphoto.com

«Қазгидромет» қараша – наурыз айларына арналған консультативтік маусымдық ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қараша айында Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын көбінесе қар түрінде түседі, ал оңтүстік пен оңтүстік-батыста — жаңбыр аралас қар күтіледі. Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде екпінді жел, боран, көктайғақ пен тұман жиі болуы ықтимал.

Ай бойы ауа температурасы мынадай аралықта құбылады:

Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде: түнде +5...–20°С, күндіз +10...–15°С;

Оңтүстік пен оңтүстік-батыста: түнде –3...+7°С, күндіз +1...+18°С.

Қарашада ауа температурасы еліміздің барлық аумағында климаттық нормадан шамамен 1°С жоғары болады деп күтілуде. Жауын-шашын мөлшері — көп өңірде нормаға жуық, батыс пен солтүстік-шығыста сәл көп болады.

Қыс жұмсақ әрі салыстырмалы түрде жылы болады деп болжануда. Жауын-шашын мөлшері климаттық норма шегінде сақталады. Кейбір кезеңдерде қатты қар жаууы, боран, екпінді жел, көктайғақ пен тұман болуы мүмкін.

Желтоқсан

Температура: елдің басым бөлігінде — норма шамасында, солтүстік-батыста — нормадан 1°С жоғары, солтүстік-шығыстың шеткі бөлігінде — 1°С төмен.

Жауын-шашын мөлшері:

Нормаға жуық — республиканың басым бөлігінде;

Нормаға қарағанда аз — орталықта, шығыстың басым бөлігінде, солтүстік өңірдің оңтүстік жартысында және оңтүстіктің солтүстік шетінде.

Қаңтар

Температура: көп өңірде — норма шамасында, шығыста — нормадан 1°С төмен.

Жауын-шашын мөлшері:

Нормаға жуық — елдің басым бөлігінде;

Нормадан көп — оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында.

Ақпан

Температура: еліміздің барлық аумағында нормадан 1–2°С жоғары.

Жауын-шашын мөлшері — климаттық норма шегінде.

Наурыз

Температура: бүкіл ел бойынша нормадан 1°С жоғары.

Жауын-шашын мөлшері:

Нормаға жуық — елдің басым бөлігінде;

Нормадан көп — оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарда;

Нормадан аз — батыстың басым бөлігінде.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары