Қазақстандық шахматшылар 4-15 қазан аралығында Албанияда өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында (U14, U16, U18) топ жарды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл туралы Қазақстан шахмат федерациясы мәлім етті.
«FM Марк Смирнов – екі дүркін әлем чемпионы (U14)
GM Эдгар Мамедов – әлем чемпионы (U16)
IM Сауат Нұрғалиев – күміс жүлдегер (U16)
Марк өткен жылы (U12) әлем чемпионы атанған болатын, биыл өз атағын жоғары санатта қорғап шықты.
Эдгар өткен жылғы осы чемпионаттың вице-чемпионы болса, Сауат сол кезде қола медаль иеленген еді енді екеуі де жаңа биіктерді бағындырды!», - делінген ақпаратта.