Балқаш тұрғыны абайсызда Бөкейханов көшесінде ашық тұрған техникалық құдыққа құлап кетті. Ашық құдықтың тереңдігі 4 метр, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Оқиға орнына келген жедел медициналық жәрдем бригадасына зардап шеккен адамды шығару үшін көмек қажет болды. ТЖМ жедел-құтқару жасағы жедел түрде келіп, ер адамды құдықтан шығарып, дәрігерлерге тапсырды», – деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Министрлік тұрғындарға сақтық шараларын сақтауды ескертеді:
- Техникалық құдықтардың маңына, әсіресе түнгі уақытта, жақындамаңыздар.
- Ашық немесе зақымданған құдықтарды 112 нөмірі арқылы дереу хабарлаңыздар.