Жігіті сүйіктісін түсік жасатудан бас тартқаны үшін өлтіріп тастаған

/
Жігіті сүйіктісін түсік жасатудан бас тартқаны үшін өлтіріп тастаған
istockphoto.com

Лондонда жігіт жүкті әйелді түсік жасатудан бас тартқаны үшін өлтірді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Mirror басылымының хабарлауынша, көршілер жүкті әйелдің жігітіне баласын өлтіргісі келмейтінін айқайлап айтқанын естіген. Осыдан соң бірнеше минуттан кейін келіншек қаза тапқан.

Мисс Одиссеос жүктілікті тоқтатқысы келмейтінін айқайлап айтқаннан кейін, жұп Лондонның шығысындағы Уолтемстоу ауданындағы пәтерлеріне кіріп кеткен, сол жерде Марч әйелді пышақпен өлтірген. Ол өз сүйіктісін өлтіргенін мойындады.

Көршісі Кэрри Поллок 22 шілде күні түнгі шамамен 1:30-да ер мен әйелдің көшеде ұрсысып жатқанын естігенін айтты.

«Ол (жігіт) оның айқайына мән бермеді. Әйелдің бірнеше рет кешірім сұрап, жылағанын есімде сақтап қалдым», - деді көршісі сотта.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары