Президенттік жастар кадр резервінің мүшесіне Мәжіліс депутатының бос мандаты берілді

/
Президенттік жастар кадр резервінің мүшесіне Мәжіліс депутатының бос мандаты берілді

«AMANAT» партиясының Саяси кеңесі Бюросының қаулысымен Парламент Мәжілісінің партиялық тізім бойынша бос мандат Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі Әбутәліп Мүтәліге берілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тиісті шешім Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына жолданды.

Әбутәліп Мүтәлі — «Болашақ» бағдарламасының түлегі. Ол цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект бағытында еңбек етіп жүрген білікті маман.
 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары