«Сатқындықты махаббат демеңіздер!»: Гүлшарат Жұбаева көзге шөп салатындар жайлы айтты

/
«Сатқындықты махаббат демеңіздер!»: Гүлшарат Жұбаева көзге шөп салатындар жайлы айтты
Ғаламтор

Белгілі актриса, кәсіпкер Гүлшарат Жұбаева желідегі парақшасында көзге шөп салатын ерлер мен әйелдер жайлы айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оның айтуынша, сатқындықты махаббат деп ақтап керегі жоқ.

«Сатқындықты махаббат деп ақтап алатын қоғам болып барамыз. Соңғы жылдары әйел болсын, еркек болсын заңды некеде бола тұра жүріс жасау тренд болып барады. Оның үстіне олар өз махабаттары үшін күресті деп ақтап алатындарды түсінбей ақ өтетін шығармын. Орта жастан өткен соң бетімен кеткен қандай махаббат? Тым болмаса бастарын арашалап барып, қосылса ғой. Кете алмадым, жібермеді деген бос әңгіме. Өмірлік жолдасының үстінен жүріс жүрген әйел немесе еркек ажыраса алмайды дегенге сенбейді екем. Дәл осындай сатқындықты махаббат демеңіздерші өтініш. Және мұндай сатқындықты ұлы "махаббат" деп насихаттамаңыздаршы. Отбасы деген құндылықты аялайық», – дейді ол.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары