Футболдан Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі сырт алаңдағы ойында Солтүстік Македониямен тең түсті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Кездесу Скопьедегі «Тоше Проески» стадионында өтті.
Қазақстан алғашқы минуттардан-ақ шабуылдап, үзіліске дейін есеп ашуға мүмкіндік алды. Ислам Чесноков бір метрден бос қақпаға гол сала алмады. Сонымен қатар Ғалымжан Кенжебек пен Иван Свиридовта есеп ашатын мүмкіндік болды. Қақпашы Мұхамеджан Сейсен бірнеше сейв жасады.
Екінші таймда Дінмұхаммед Қараманның қайшылап салған голы Қазақстан құрамасы алға шықты. Дегенмен алаң иелері бұдан кейін Энис Барди орындаған айып добынан кейін есепті теңестіре алды. Осылайша кездесу 1:1 есебімен аяқталды.
Енді Қазақстан құрамасы келесі матчын 15 қарашада Астанада Бельгияға қарсы өткізеді.
Солтүстік Македония - Қазақстан 1:1 (0:0)
Голдар: Қараман 54 (0:1), Барди 74 (1:1).