Словакияда екі пойыздың соқтығысуы салдарынан 20 адам зардап шекті

/
Словакияда екі пойыздың соқтығысуы салдарынан 20 адам зардап шекті

Словакияның шығысындағы Кошице аймағында екі пойыз соқтығысып, салдарынан 20 адам жарақат алған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Теміржол апаты Рожнява қаласының маңында болған.

Аймақтық полицияның мәліметінше, пойыздарда жолаушылар саны көп болған. Оқиға орнына бес жедел жәрдем көлігі мен құтқарушы тікұшақ жіберілді.

Жолаушылар пойыздарды біртіндеп тастап кетіп жатыр.

Словакияның теміржол компаниясы ZSSK мәлімдегендей, пойыздар екі жолды теміржол бір жолға ауысатын учаскеде соқтығысқан. Қазіргі уақытта құтқару және эвакуация жұмыстары, сондай-ақ теміржол қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары қолға алынған.

Апаттың себептері әзірге анықталған жоқ, тексеру жүргізілуде.

Апат болған аймақтағы теміржол қатынасы уақытша тоқтатылды. Билік өкілдері қозғалысты қалпына келтіру бірнеше сағатқа созылуы мүмкін екенін ескертті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары