Астанада психикалық дерті бар 6 адам жүргізуші куәлігін алған

/
Астанада психикалық дерті бар 6 адам жүргізуші куәлігін алған
istockphoto.com

Астана прокуратурасы психикалық ауруы бар деп танылып, осы негізде қылмыстық жауаптылықтан босатылған адамдардың көлік басқару құқығы бар-жоғын тексерді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Медициналық қарсы көрсетілімдер тізіміне сәйкес көлік құралдарын басқаруға тыйым салынған 76 адамның ішінде 6 азаматтың қолданыстағы жүргізуші куәлігі бар екені анықталды.

Осыған байланысты, елорда прокуратурасы азаматқа қатысты азаматтық талап арыз беріп, ол 2025 жылғы 2 шілдедегі сот шешімімен қанағаттандырылып, азаматтың көлік құралын басқару құқығы тоқтатылды.

Ұқсас талап-арыздық жұмыстарды аудандық прокуратуралар жүргізіп, 4 талап арыз беріліп, олардың барлығы сотпен қанағаттандырылды.

Сонымен қатар, талдау нәтижелері бойынша Қылмыстық кодекстің 16 және 91-баптарына өзгерістер енгізу ұсынылды. Бұл өзгерістер сотқа психикалық ауруға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылған адамдарға қатысты көлік құралын басқару құқығын тоқтату мәселесін қатар қарауға мүмкіндік береді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары