59 адам 136 млн теңге салған: ҚМА «S-Group» қаржы пирамидасына қатысты тергеуді аяқтады

/
59 адам 136 млн теңге салған: ҚМА «S-Group» қаржы пирамидасына қатысты тергеуді аяқтады
ҚМА

Қаржылық мониторинг агенттігі Көкшетауда  «S-Group» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесінің басшыларына қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Ұйымдастырушылар «S-Pharmaceutical» және өзге де жобаларға медициналық каннабис өндірісі мен дистрибуциясына инвестиция тарту сылтауымен, салымшыларға әрбір жаңадан тартылған қатысушыға салым сомасының 5%-ы мөлшерінде кепілдендірілген табыс уәде еткен.

Қатысу үшін сайтта тіркеліп, кем дегенде 100 АҚШ долларынан бастап салым жасау талап етілген.

Айта кетсек, күдіктілердің бірі бұған дейін «Life Is Good» және «Finiko» қаржы пирамидаларына қатысып, онда табыс тауып, кейін осындай схема арқылы өз жобасын құрған.

 Нәтижесінде қаржы пирамидаға 59 азамат тартылып, олар жалпы 136 миллион теңгеден астам қаражат салған», - делінген ақпаратта.

Агенттіктің ақпаратынша, күдіктілер салымшылардың ақшасына елордадан екі пәтер мен автотұрақ орнын сатып алған, оларға соттың санкциясымен тыйым салынды.

Үш ұйымдастырушыға қатысты қозғалысын шектеу және тәртіп сақтау туралы қолхатпен бұлтартпау шарасы қолданылды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары