«KAZRAIL» теміржол тасымалдаушысы «Астана – Арқалық» бағыты бойынша жүретін №610/611 пойызында Starlink интернетін пилоттық режимде іске қосты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Көлік министрлігінің мәліметінше, жоба биылғы жылдың соңына дейін толық апробациядан өтеді.
Тасымалдаушылар жолаушы пойыздарында интернетті қамтамасыз ету мақсатында кезең-кезеңімен жұмыс жүргізіп келеді.
Еске сала кетсек, бұған дейін «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Астана – Алматы» және «Астана – Өскемен» бағыттарында пилоттық жобаларды іске қосты