Жаңақоныс ауылында зорлық-зомбылық белгілері бар ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.
«Жаңақоныс ауылында зорлық-зомбылық белгілері бар ер адамның мәйіті табылды. Полиция күдіктіні анықтап, ұстады және СИЗО-ға қамауға алды», – деп хабарлады өңірлік ПД.
Қылмыстық іс қозғалды.
Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Саркұловтың айтуынша, қылмыстың мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.