Қылмыстық іс Қостанай қаласының №2 сотында қаралды. Айыпталушы — Абылайхан Сәрінжіпов, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ол Қылмыстық кодекстің 114-бабының 3-бөлігі бойынша — «Абайсызда ауыр дене жарақатын келтіру» бабымен айыпталды.
Сот процесі ашық түрде өтті.
10 қазанда сот істі қарап, Сәрінжіповті кінәлі деп тапты.
«Айыпталушы Сәрінжіповті кінәлі деп танып, ең төменгі қауіпсіздік деңгейіндегі мекемеде алты ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын», — деп үкімді оқыды судья Анар Шаймұрынова.
Судья азаматтық талапты толық қанағаттандырды: Абылайхан Сәрінжіпов екі миллион теңге моральдық шығын және адвокат қызметі үшін 500 мың теңге төлеуге міндеттелді.