12 жастағы әзербайжандық TikTok-блогер Земфира Мухтарова АҚШ-та түсірілім кезінде пойыз астына түсіп, қайтыс болды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қайғылы оқиға Бруклин ауданындағы метро желісінде болған.
Земфира түнгі шамамен 03:00 кезінде құрбысымен бірге Marcy Avenue станциясында «зацепингпен» айналысқан. Бұл — пойыздың сыртқы бөлігіне, мысалы, тұтқаларға, баспалдақтарға немесе табалдырықтарға жармасып жүру арқылы қозғалу тәсілі. Сол сәтте қыз қозғалыстағы пойыздан құлап, мерт болған. Онымен бірге болған 13 жастағы құрбысы да қаза тапқан.
Земфираның 11 жастағы сіңлісі Марьям оның үйдегілердің бәрі ұйықтап жатқан кезде үйден жасырын шығып кеткенін айтты.
Қыздың анасы Наталья Руденко қызы «зацепингке» қызығушылық танытқанын мойындады, бірақ ол мұндай әрекетке ешқашан бармаймын деп отбасына айтқанын жеткізді.
Оқиға туралы алғаш рет 5 қазанда белгілі болды. БАҚ-та Нью-Йорктағы метро пойыздарының бірінің төбесінен екі қыздың мәйіті табылғаны хабарланған.