Цифрландыру және жасанды интеллектті (ЖИ) дамыту нәтижесінде 2025 жылдың 1 қарашасына дейін елде 2141 мемлекеттік қызметші қысқартылады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің қол қойған тиісті жарлығы ұлттық заңнама базасында жарияланды.
Құжатқа сәйкес, өзгерістер әртүрлі ведомстволарды қамтиды:
Ең көп қысқарту Мемлекеттік салық комитетінде — 498 қызмет орны;
Су шаруашылығы министрлігінде — 224;
Ауыл шаруашылығы министрлігінде — 200;
Әділет министрлігінде — 197;
Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрлігінде — 176;
Жұмыспен қамту және кедейлікті азайту министрлігінде — 163 қызмет орны.
— Мақсат — цифрландыру арқылы республикалық атқарушы органдарға жүктелген міндеттер мен функцияларды оңтайландырып, басқарушылық штат санын азайту, — делінген құжатта.