Қарағандыда мектеп маңынан табылған әйелдің өліміне қатысты күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін 36 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп хабарлады Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Белгілі болғандай, қылмыс 28 қыркүйекте жасалған, алайда полиция бұл туралы ресми ақпаратты 8 қазанда ғана таратқан.
Құқық қорғау органдары басқа мәлімет бермей отыр. Олар ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына, яғни «сотқа дейінгі тергеу деректерін жария етуге жол берілмейтіні» туралы норманы негізге алуда.
Ал қоғам арасында әйелдің қатты соққыға жығылғаны туралы ақпарат тараған.