Ақтауда жол апаты болып, автокөлік жанып кетті

/
Ақтауда жол апаты болып, автокөлік жанып кетті
istockphoto.com

Ақтауда 7 қазан күні кешке жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан газ баллоны орнатылған Hyundai Elantra көлігі өртенді. Баллон көлемі — 42 литр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға сағат 21:30-да 32А және 32Б шағын аудандарының арасында Hyundai Elantra және Hyundai Tucson автокөліктерінің соқтығысуы нәтижесінде болған.

Өңірлік ТЖД хабарлауынша, апат салдарынан Hyundai Tucson көлігінің иесі және үш жолаушы зардап шеккен.

«Оқиға орнына 2 техника және 9 қызметкер жұмылдырылды. Өрт сағат 21:45-те сөндірілді», — деп мәлімдеді ведомство.

Қазір өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары