Эверест тауының Тибет жағында соққан қатты боран салдарынан шамамен 1 000 адам қозғалыссыз қалып қойған, деп хабарлайды turkystan.kz baq.kz-ке сілтеме жасап.
Reuters дерегінше, қалың қар мен қатты жел таудағы жолдарды жауып, биіктегі лагерьлерге апаратын бағыттарды жабуға мәжбүр етті.
Қытай билігінің мәліметінше, құтқарушылар мен жергілікті тұрғындар қар басқан аймақтарда жол ашу және туристерді эвакуациялау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Кейбір адамдар төменгі лагерьлерге жеткізілген.
Сонымен қатар, көршілес Непал аумағында нөсер жаңбыр мен су тасқыны болып, кемінде бірнеше адамның қаза тапқаны хабарланды. Билік табиғи апат аймағына кіруді уақытша шектеді.