Ыстанбұл полициясы теракт ұйымдастырмақ болған екі жасөспірімді ұстады. Олардың бірі — Түрікменстан азаматы, екіншісі — Түркия тұрғыны, деп хабарлайды turkystan.kz baq.kz-ке сілтеме жасап.
Fakti.bg таратқан мәліметке сәйкес, тергеу барысында күдіктілердің ИГИЛ (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) әрекетіне қатысты шифрланған хат-хабарлары табылған. Тергеу мәліметінше, олар "жеке лаңкестер" тәсілімен қанқұйлы шабуыл дайындаған.
Үй-жайларын тінту кезінде күдіктілерден жарылғыш зат дайындау, қаруды қолдану, дрондарды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтар, сондай-ақ экстремистік мазмұндағы бейнежазбалар тәркіленді.
Соттың шешімімен күдіктілердің бірі үйқамаққа алынса, екіншісі тергеу изоляторына жіберілді.
Іс материалдарында екі жасөспірімнің де бұрынғы терактілерден «шабыт алып», Стамбулда шабуыл ұйымдастыруды көздегені көрсетілген.