47 жастағы әйел iPhone-ды жуынатын бөлмеде қуаттап отырып көз жұмған

/
47 жастағы әйел iPhone-ды жуынатын бөлмеде қуаттап отырып көз жұмған
сурет: istockphoto.com

Ирландия астанасы Дублинде 47 жастағы Энн-Мари О’Горман iPhone-ды жуынатын бөлмеде қуаттап отырып тоққа түскен. Оны ес-түссіз күйде күйеуі Сантри ауданындағы үйлерінің жуыну бөлмесінен тапқан, деп жазды Metro, деп хабарлайды turkystan.kz.

Коронерлік соттағы тыңдалымда патологоанатом Хайди Оккерс әйелдің кеуде тұсында және сол қолында күйік іздері болғанын мәлімдеді. Қайғыға тап болған жұбайы әйелін судан шығаруға әрекет жасағанда, өзін де ток соққанын айтты. Ол сондай-ақ смартфон өндірушілерін айыптап, құрылғыларда мұндай қауіпті жағдайлар туралы ескертулердің жоқ екенін атап өтті.

Марқұмның артында үш баласы қалды. Оқиға қоғамда смартфондарды зарядтап тұрып қолданудың қаншалықты қауіпті екенін тағы да көрсетті. Сарапшылар мұндай жағдайлардың алдын алу үшін құрылғыларды ешқашан суға жақын жерде пайдаланбауға кеңес береді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары