Павлодарда шетел азаматы заңсыз тіс емдеген

/
Павлодарда шетел азаматы заңсыз тіс емдеген
polisia.kz

Павлодар облысында шетелдік азамат заңсыз түрде стоматологиялық медициналық қызмет көрсеткен, деп хабарлайды turkystan.kz.

Полиция қызметкерлері тексеріс барысында 1 тоннадан астам дәрі мен ампула түріндегі есірткі құралын, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымын шектеді. Полиция қызметкерлері емдеу-профилактикалық мекемелерде, кәсіпорындарда, дәріханалар мен қоймаларда рейдтік іс-шаралар жүргізді.

Нәтижесінде Железин ауданының бір ауылында шетел азаматының халыққа заңсыз медициналық қызмет көрсеткенін анықтады. Оның стоматологиялық қызмет көрсетуге рұқсаттама құжаттары болмаған.

Полиция заңсыз медициналық қызмет көрсету фактісі бойынша әкімшілік іс қозғады. Материал Павлодар облысы бойынша медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаментіне қарауға жолданды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары