Qazsport телеарнасының ұжымы «Қайрат-Реал» ойынын онлайн неге көрсете алмағанын айтты

/
Qazsport телеарнасының ұжымы «Қайрат-Реал» ойынын онлайн неге көрсете алмағанын айтты
Фото: www.championat.com

Qazsport телеарнасының ұжымы көрермендерден кешірім сұрады, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Қайрат» - «Реал Мадрид» матчының трансляциясы барысында техникалық ақаулар туындап, көрерменге ойынның онлайн көрсетілімін толық көрсету мүмкіндігі болмады. Корпорация матчқа дейін толықтай техникалық дайындық шараларын жүргізді. Серверлердің қуаттылығы әдеттегіден үш есе көбейтіліп, бейне ағынын жеткізу қызметі оңтайландырылды. Алайда, матч басталған сәттен туындаған мәселені жедел шешуге тырысқанымызбен, интернет желісіндегі сыртқы қиындықтарға байланысты ақауларды толықтай ретке келтіру мүмкін болмады. Қазіргі таңда мәселеге қатысты кешенді техникалық талдау жүргізілуде. Туындаған қолайсыздықтар үшін көрерменнен кешірім сұраймыз», -  делінген жазбада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары