Ақмола облысының тұрғыны түнде қарулы шабуыл ұйымдастырып, өзгенің үйін тонаған

/
Ақмола облысының тұрғыны түнде қарулы шабуыл ұйымдастырып, өзгенің үйін тонаған
istockphoto.com

Қарақшылық деп бөтеннің мүлкін иемдену мақсатында адамның өмірі немесе денсаулығы үшін қауіпті күш қолданумен не осындай күш қолдану қатерін төндірумен ұштасқан шабуыл танылады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алайда Ақмола облысындағы істердің бірінде үш ер адам тонау қылмысымен сотталған. Олар түнгі уақытта бетперде киіп, тұрғын үйге кіріп, жәбірленушілерге күш қолданып, аңшылық мылтықтың шолақ ұңғысымен қорқытып, ақша мен бағалы заттарды беруді талап еткен.

Нәтижесінде қаскүнемдер 4 млн теңгеден астам сомаға мүлікті иемденіп, үйде болған өзге адамдарды жертөлеге қамаған.

Бас прокуратура сотталғандардың әрекеттерін тонау ретінде саралаудың дұрыс еместігіне назар аударып, кассациялық наразылық енгізді. Жәбірленушілер қарумен төндірілген қатерді шынайы әрі өмірі мен денсаулығына қауіпті деп қабылдаған. Бұл ретте атыстың не қарудың жай-күйі туралы мәліметтердің болмауы өздігінен қарақшылық белгілерін жоққа шығармайды.

Кассациялық сот прокуратураның уәждерімен келісіп, сот актілерінің күшін жойды және қылмыстық істі жаңадан қарауға жіберді.

Тонау мен қарақшылықты ажырату кезінде тек іс жүзінде туындаған салдар ғана емес, шабуылдың сипаты, қолданылған күш пен жәбірленушіге төнген қатердің шынайылығы да ескеріледі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары