Жүзуші Әділбек Мусин Азия чемпионатында алтын медаль еншіледі

/
Жүзуші Әділбек Мусин Азия чемпионатында алтын медаль еншіледі
olympic.kz

Қазақстандық жүзуші Әділбек Мусин Үндістанның Ахмедабад қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде алтын медаль иеленіп, 23.74 нәтижесімен мәреге жетті. Шешуші жарыста тағы бір отандасымыз Максим Сказобцов (23.90) үшінші орынға табан тіреді.

Осы бағдарлама бойынша әйелдер арасында өткен жарыста София Әбубәкірова екінші нәтиже көрсетсе, Софья Сподаренко мәре сызығын үшінші болып кесті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары