Қазақстандықтар велоспорттан Әлем чемпионатында жарыс жолынан шығып қалды

/
Қазақстандықтар велоспорттан Әлем чемпионатында жарыс жолынан шығып қалды
olympic.kz

Кигалиде (Руанда) тас жолдағы велоспорттан әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әйелдер арасында өткен топтық жарыста Қазақстан намысын екі спортшы қорғады.

Алайда отандастарымыз лайықты нәтиже көрсете алмады. Фаина Потапова мен Ақпейіл Өсім жарысты аяқтамады.

Канадалық Магделейн Валье жеңіске жетті. Жаңа Зеландия өкілі Ниам Фишер екінші болды. Ал үшінші орынға испаниялық Маргарита Гарсия табан тіреді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары