Аршалы ауданының прокуратурасы қару-жарақ және түрлі калибрлі оқ-дәрілер тәркіледі, деп хабарлайды turkystan.kz.
Аршалы ауданы прокуратурасы қамауда жазасын өтеуші тұлғамен өткізілген конфиденциалды әңгіме барысында атыс қаруы бар жасырын орын туралы ақпарат алған.
Аталған ақпаратты тексеру барысында Астана – Қарағанды автожолында, Аршалы ауданының Шоптықөл елді мекенінің маңында атыс қаруы мен әртүрлі калибрлі оқ-дәрілер табылып, тәркіленді.
Қару-жарақ пен оқ-дәрілердің ел аумағына шетелден әкелінген болуы мүмкін (Қазақстан Республикасының қару-жарағы құрамында жоқ).
Осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 287-бабының 3-бөлігі бойынша алдын ала тергеу басталды.