Ғани Бейсембаев Оқу-ағарту министрі лауазымынан босатылды

/
Ғани Бейсембаев Оқу-ағарту министрі лауазымынан босатылды
primeminister.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғани Бектайұлы Бейсембаев Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ғани Бектайұлы 1969 жылы Қызылорда облысында туған. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген. Философия және психология ғылымдарының докторы.

Мансабы

1989-1995 жылдары Алматы облысы Талғар ауданының №14 орта мектебінің қазақ тілі мұғалімі, оқу-тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары болып жұмыс істеген.

1995-1997 жылдары Алматы облысы Іле ауданының №12 орта мектебінің директоры лауазымын атқарған.

1997-2000 жылдары Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясының бас ғалым хатшысы болған.

2000 жылы Алматы облысы Қапшағай қаласының білім бөлімін басқарған.

2001-2006 жылдары «Халықаралық қосымша білім беру орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры болып жұмыс істеген.

2006-2020 жылдары «EDTECN» Халықаралық білім беру орталығының бас директоры лауазымын атқарған.

2020 жылы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры болып тағайындалған.

2020-2022 жылдары Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті лауазымын атқарған.

2022 жылғы наурыздан тамызға дейін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі.

2022 жылғы тамыздан бастап Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министрі.

2023 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары