Астанада жылыту маусымы басталды

/
Астанада жылыту маусымы басталды
istockphoto.com

Астанада ауа температурасының төмендеуіне байланысты тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды орталықтандырылған жылыту жүйесіне қосу басталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұған дейін жылу әлеуметтік нысандарға – мектептерге, балабақшаларға, медициналық мекемелерге – өтінімдер бойынша берілген болатын.

«Қаланың барлық нысандары алдағы күндері кезең-кезеңімен қосылатын болады», – делінген хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары