Ғалымдар қант диабетінің алдын алуға көмектесетін жемісті анықтады

/
Ғалымдар қант диабетінің алдын алуға көмектесетін жемісті анықтады
сурет: istockphoto.com

АҚШ-тың Джордж Мейсон университетінің диетологтары жүргізген зерттеу нәтижесі күтпеген жайтты көрсетті: құрамында қант мөлшері жоғары адамдар мангоны алты ай бойы жегенде, зат алмасуға оң әсер еткен. Нәтижелер Foods журналында жарияланды, деп хабарлайды Science Daily, деп хабарлайды turkystan.kz.

Манго құрамында орта есеппен 32 грамм қант бар. Бұл граноладағыдан үш есе көп. Бірақ жемістің ерекшелігі қантпен бірге ағзаға талшық пен дәрумендер мол түседі. Ғалымдар қанттың ағзаға әсері оның мөлшеріне емес, қай формада түскеніне байланысты екенін айтады. Бүтін жемістердегі қант тәтті сусындар немесе дайын снэктердегі қантқа қарағанда баяуырақ және бірқалыпты сіңеді.

Зерттеу барысында қатысушылар екі топқа бөлінді: біріншісі күн сайын манго жеді, екіншілері қант мөлшері төмен батончик тұтынды. Жарты жылдан соң манго жегендерде қандағы қант деңгейі тұрақталып, инсулинге сезімталдық артқаны және май мөлшері азайғаны анықталды. Ал батончик жегендерде мұндай өзгерістер байқалмады.

Мамандардың пікірінше, бұл нәтиже предиабеті бар адамдарға үміт сыйлайды: тәтті жемістердің бәрі зиян емес, керісінше, дұрыс пайдаланылса ағзаның жұмысын жақсарта алады. Әрине, мұндай өнімдерді дәрігердің кеңесімен қолдану маңызды.

Бұған дейін Калифорния университетінің (Дэвис) ғалымдары күнделікті манго тұтыну әйелдердің жүрек-қан тамыр жүйесіне пайдалы екенін анықтаған еді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары