2 жастағы бала жансақтау бөлімінде: Атбасардағы жол апатының мән-жайы белгілі болды

/
2 жастағы бала жансақтау бөлімінде: Атбасардағы жол апатының мән-жайы белгілі болды
istockphoto.com

Ақмола облысында Volkswagen Golf пен Lada Granta автокөліктері соқтығысқан жол апатының мән-жайы белгілі болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жол-көлік оқиғасында 11 жастағы қыз қаза тауып, тағы жеті адам зардап шекті, олардың арасында екі кішкентай бала бар.

Қайғылы жағдай 24 қыркүйекте Атбасар ауданында болған. Қазір тергеу кімнің қарсы жолаққа шығып, соқтығысқа себеп болғанын анықтап жатыр.

Қаза болған қызға небәрі 11 жас еді. Ол ата-анасымен бірге келе жатқан, Volkswagen Golf автокөлігін әкесі жүргізген.

Жалпы жеті адам жарақат алған: төртеуі ересек, үшеуі бала. Golf жүргізушісі травматология бөлімінде, әйелі жансақтау бөлімінде жатыр. Сондай-ақ ауыр жағдайда Lada Granta жолаушысы да реанимацияға түскен. Екі бала Көкшетау облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

«Екінші бүлдіршініміз 2023 жылғы, балаға бас-ми жарақаты, ми шайқалуының орташа дәрежесі, тілдің тістелген жыртылған жарасы және төменгі жақ сүйегінің жабық сынуы диагнозы қойылды», – деп нақтылады облыстық балалар ауруханасының анестезиолог-реаниматологы Маржан Махашева.

Дәрігерлердің айтуынша, үлкенірек бала бетімен сауыға бастаған, ал екі жасар ұл бала жансақтау бөлімінде қалуда, бірақ ақ халаттылар оң нәтижеге үміттеніп отыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары