Қазақстан спортшылары велоспорттан Әлем чемпионатында жарыс жолынан шығып қалды

/
Қазақстан спортшылары велоспорттан Әлем чемпионатында жарыс жолынан шығып қалды
olympic.kz

Тас жолдағы велоспорттан Кигалида (Руанда) өтіп жатқан әлем чемпионатында U23 санатындағы қыздар арасындағы топтық жарыс аяқталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Спортшыларға 119,3 шақырымдық қашықтықты бағындыру қажет болды. Франция өкілі Селия Жери жарысты бірінші болып аяқтады.

Күміс жүлдені Словакия спортшысы Виктория Чладонова иеленсе, қола жүлде Испания атлеті Паула Бласиға бұйырды.

Қазақстан құрамасы атынан екі спортшы сынға түсті. Алайда Виолетта Казакова мен Елизавета Склярова қашықтықты аяқтай алмады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары