Қазгидромет: 26 қыркүйек еліміздің оңтүстік өңірлерінде шаңды дауыл соғады

/
Қазгидромет: 26 қыркүйек еліміздің оңтүстік өңірлерінде шаңды дауыл соғады

Синоптиктерінің болжамы бойынша 26 қыркүйек күні еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Метеорологтар Қазақстандағы алдағы күндерге ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің айтуынша, солтүстік циклон мен оған байланысты фронттық бөліністер ел аумағы арқылы қозғалысын жалғастырады. Тек шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде антициклон ықпал етіп, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

«Қазгидромет» дерегінше, республика аумағында желдің күшеюі ықтимал. Түнде және таңертең тұман түседі, ал оңтүстікте шаңды дауыл болуы мүмкін.

Сонымен қатар бірқатар аймақта өрт қаупі жоғары деңгейде сақталуда. Атап айтқанда, Батыс Қазақстан, Павлодар, Атырау, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарының кей бөліктерінде қауіп бар.

Төтенше өрт қаупі Түркістан, Қызылорда облыстарында, сондай-ақ Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Қостанай және Ұлытау облыстарының жекелеген аумақтарында сақталады.
 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары