Қазақстанда қарасора өсіруге рұқсат берілді

/
Қазақстанда қарасора өсіруге рұқсат берілді

Қазақстан Республикасы Үкіметі 2025 жылғы 22 қыркүйектегі №780 қаулысымен есірткі және психотроптық заттарды өндірумен немесе дайындаумен байланысты емес өнеркәсіптік мақсатта өсіруге рұқсат етілген сора (каннабис) өсімдігінің сорттарын бекітті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қаулы «Есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы» заңның 22-бабы 5-тармағына сәйкес қабылданды.

Құжат алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Қаулыға Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов қол қойған. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары