Танымал «Келінжан» отбасылық телехикаясының бас продюсері Гүлнұр Мамасарипова жаңа маусым жайлы сөз етті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Продюсер жаңа маусымда Рүстем Жанымановтың телехикаядан бас тарту себебін ашып айтты.
«Жалпы алтыншы маусым көп ойланып көпке дейін келісім бермеген жағдай болған. Мен былтыр «Келінжан» телехикаясын бесінші маусыммен өзім үшін жапқан едім. Енді осымен қояық деп. Өйткені өте қиын болып кетті. Сериалды жалғастыру емес, адам тұрғыдан алып қарағанда. Адами фактор өте көбейіп кетті. Содан кейін бір-біріміздің алдында бетіміз ашылып кетті, тіптен. Өзімнің абыройым мен беделімді тегі табанға сала бергім келмеді. Олармен келесі маусымға келісу өзі қиындап кетті. Қаражат жағынан да қиындап кетті. Өйткені олардың ойынша әр маусым сұранысқа ие болып жатса, демек гонорарымызда да өсуі керек деп. Тіптен гонорарлары он есеге дейін өсті. Ал сериалдың бюджеті сол бірінші маусымдағыдай болды. Сонда мен арнаға айттым. Актерлық құрамды сақтай алмауым мүмкін деп. Өйткені мен түсініп тұрмын, келісу алмауым мүмкін. Сол кезде телеарна айтты: Жоқ, осы актерлардың ішінен кім келісім береді сонымен түсіріңіз деп. Және де қосымша жаңа кейіпкерлер кіргізіңіз деп. Бәрібір халық «Келінжанды» сұрап отыр. Дегеннен кейін, нар тәуекел деп келістім. Арнамен болған әңгімеден актерлермен жеке-жеке сөйлестім. Алтыншы маусым түсіріледі, кім түседі, деп бәрінен сұрадым», - продюсер.
Гүлнұр Мамасарипова жаңа маусымда Рүстем Жанымановтың телехикаядан бас тарту себебін ашып айтты.
«Рүстем басында «ия түсемін» деп келісті. Алайда басқа жобалардың уақытымен біздің уақытымыз сәйкес келіп жатты. Мен бірнеше рет өзіне хабарластым. Бірақ, жауап болмады. Мүмкін, шаршаған шығар. Барлығы бұл сұрақтың жауабын күтіп отырғанын білемін. Алайда ешкімді еркінен тыс түсіре алмаймыз ғой», - деді Гүлнұр Мамасарипова.