Қостанайлықтар түні бойы іздеген 14 жастағы қыз орманнан табылды

/
Қостанайлықтар түні бойы іздеген 14 жастағы қыз орманнан табылды
Қостанай облысының Полиция департаменті

Қостанай облысының Федоров ауданында дамуында ерекшеліктері бар 14 жастағы қызды іздеуге бағытталған ауқымды жұмыстар аяқталды. Бала 25 қыркүйек таңертең Успеновка ауылы маңындағы орман алқабынан аман-есен табылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Полицияның айтуынша, 24 қыркүйек кешке алаңдаған анасы қызының жоғалғаны туралы арыз берген. Сөйлеу қабілетінде және ақыл-ой дамуында кемшілігі бар қыз үйінен пижамамен шығып кеткен, жеңіл киінгендіктен оның өмірі мен денсаулығына елеулі қауіп төнген.

Іздеуге жүздеген адам тартылды – полиция қызметкерлері, құтқарушылар, кинологтар, ерікті іздеу топтары, әскерилер, сондай-ақ ауыл мұғалімдері мен тұрғындары. Түнде шамамен 300 адам жұмылдырылса, таңға қарай олардың саны 500-ден асты. Дрондар, жылу бейнелеу құралдары және техника қолданылды.

«Таңғы сағат 8 шамасында Успеновка ауылынан екі шақырым жерде орман алқабында полицейлер тобы қызды байқап қалған. Алғашында ол қашпақ болды, бірақ кейін өз еркімен қызметкерлерге қарай шықты. Бірнеше минуттан соң анасына табысталды», – делінген Қостанай облысы ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары